Меню KDT

logo.png?_=1675493907

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Ясная Поляна орта мектебі» КММ »
  • kz
  • ru
  • en
  • Все новости

    Мың бала


    "Мың бала" жобасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді.
    Басты мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау.
    «Мың бала» олимпиадасына қатысу қорытындысы бойынша:
    Ең көп балл жинаған жеңімпаздарға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, оның ішінде Дарын, БИЛ мектептерінде білім алу ұсынылады.
    «Мың бала» олимпиадасының барлық қатысушыларына одан әрі білім алу және дағдыларын дамыту үшін Елбасы Академиясының «Birge Oqý» онлайн мектебіне тегін қабылдану мүмкіндігі беріледі.
    I-кезең
    Бірінші кезеңде ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары арасында 5 мың финалистті іріктеледі. Бірінші кезең танымдық ойлау деңгейін анықтауға арналған тесттерді қамтиды. Кешенді тестілеу «логикалық ойлау» және «кеңістіктік ойлау» бөлімдерінен тұрады.
    Олимпиадаға қатысушылар I-кезеңнің кешенді тестілеуін өз таңдауы бойынша: қашықтан онлайн режимінде немесе жергілікті білім беруді басқару органдары ұсынған арнайы жабдықталған үй-жайларда өте алады.
    II-кезең
    Екінші кезеңде финалистер арасында 1 000 жеңімпаз іріктеледі. ІІ-кезеңді өткізу орындарында оқушылардың қатысуы міндетті.
    Іріктеу компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша жүргізіледі, оған бөлімдер бойынша оқушылардың академиялық білімін бағалау кіреді:
    «Математикалық сауаттылық»;
    «Қазақ тілі», қазақ тілінде білім алатын оқушылар үшін;
    «Орыс тілі», орыс тілінде білім алатын оқушылар үшін;
    «Ағылшын тілі»;
    «Жаратылыстану».
    10.04.2023
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Блог директора

    Полезные ссылки